2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама (Астана қ., 2017 жыл 23 наурыз)

2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы
Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

(Астана қ., 2017 жыл 23 наурыз)

 

ҚР 2017 жылғы 30 қазандағы № 101-VІ Заңымен ратификацияланды

2017 жылғы 17 қарашада күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі

2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 15-бабының 2-тармағын және Тараптар мемлекеттері арасында жолаушыларды автомобильмен халықаралық тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажеттілігін басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Келісімге және Келісімді қолдану туралы Атқару Хаттамасына (бұдан әрі - Атқару Хаттамасы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. Келісімнің Кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі

Тараптар мемлекеттері арасында жолаушылар мен жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттілігін басшылыққа ала отырып,

жолаушылар мен жүктерді Тараптар мемлекеттері арасындағы, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы транзитпен орындалатын автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруды жеңілдетуге ұмтыла отырып,

осы мәселелерді өзара көмек, ынтымақтастық және өзара тиімділік негізінде реттеуді қалай отырып,

төмендегілер туралы келісті:»

2. Келісімнің 1-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Келісімнің ережелері жолаушылар мен жүктерді Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы, олардың аумақтары арқылы транзитпен орындалатын автомобильмен халықаралық тасымалдауларға, Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында тіркелген автокөлік құралдары жүзеге асыратын үшінші елдерден/елдерге тасымалдарға қолданылады.».

3. Келісімнің 2-бабының 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Тасымалдаушы» термині:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.