(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКА...

Өлшеу құралдары болып табылатын медициналық техниканың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 765 Бұйрығы

 

Осы редакция 2019 жылғы 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Өлшеу құралдары болып табылатын медициналық техниканың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

3. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Индустрия және сауда

министрінің міндетін атқарушы

____________ Т. Жақсылықов

2009 жылғы 25 қараша

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2009 жылғы 24 қарашадағы

№ 765 бұйрығымен бекітілген

 

Өлшеу құралдары болып табылатын медициналық

техниканың тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.