Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 345 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бітімгершілік операцияға дайындық қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) бітімгершілік операцияға қатысуға ерікті түрде ниет білдірген азаматтар қатарынан ұлттық контингентті іріктеуді және оларды бітімгершілік дайындықтан өту үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне іссапарға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.