«Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай кедендік аумағына гранттар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждар мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 231 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 23 ақпандағы № 72 бірлескен бұйрығы

Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай кедендік аумағына гранттар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждар мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 231 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 23 ақпандағы № 72 бірлескен бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай кедендік аумағына гранттар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждар мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.