«Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығы (2025.28.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығы

(2025.28.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.20.01. № 29 бұйрығымен (2024 ж. 9 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.10. № 433 бұйрығымен (2025 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.14.04. № 202 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.20.01. № 29 бұйрығымен (2024 ж. 9 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.10. № 433 бұйрығымен (2025 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидалар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген соң күнтiзбелiк он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.