«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 қазандағы № 1193 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 290 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығында:
39-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстық бюджеттен бөлінген және республикалық бюджеттің трансферттері (кредиттері) есебінен іске асырылып жатқан нысаналы ағымдағы трансферттердің, дамуға арналған нысаналы трансферттер мен кредиттердің іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есепті:
есепті айға - есептіден кейінгі айдың 6-і күнінен кешіктірмей;
есепті жылға - есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулыққа 16-қосымшаға сәйкес 2-НТА нысаны бойынша ұсынады.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға:
1) республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің, нысаналы даму трансферттері мен кредиттердің іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептерді:
есепті айға - есептіден кейінгі айдың 8-і күнінен кешіктірмей;
есепті жылға - есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулыққа 18-қосымшаға сәйкес 2-НТО нысаны бойынша;»;