«Кәсіптік стандарт: «Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 4 қарашадағы № 560 бұйрығына 4-қосымша (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және

құрылыс министрінің

2026 жылғы 4 қарашадағы

№ 560 бұйрығына 4-қосымша

 

 

Кәсіптік стандарт:

«Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы»

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіптік стандарт карточкаларында ұсынылған кәсіптер шегінде тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды салумен, реконструкциялаумен және жөндеумен айналысатын қызметкерлердің кәсіптік қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді. Кәсіптік стандарт қызметкерлердің еңбек функцияларын, іскерліктерін, білімдері мен біліктілік деңгейлерін айқындайды және кадрларды даярлауда, білім беру бағдарламаларын әзірлеуде, кәсіптік біліктілікті бағалау мен тануда қолданылады.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) құрылыс қызметі (құрылыс) - жаңа құрылыс объектілерін (олардың кешендерін, коммуникацияларын) тұрғызу және (немесе) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялау және өз ресурсын тауысқан құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру арқылы өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет;

2) құрылыс объектісі - құрылыс қызметінің түпкі нәтижесі болып табылатын, ғимарат немесе құрылысжай түріндегі жасанды орта объектісі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.