«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 470 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 470 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

«Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 761 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8861 болып тіркелген):

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларында:

мынадай редакциядағы 7-параграфпен толықтырылсын:

«7-параграф. Кеме қатынасының қарқындылығына талдау жүргізу

61. Су жолдарының қызмет көрсетілетін кеме қатынасы учаскелерінің ұзақтығына қажеттілікті айқындау және жол жұмыстарының жоспарланып отырған көлемін өзектендіру мақсатында кеме қатынасының қарқындылығына талдау жүргізіледі.

62. Ішкі су жолдарындағы кеме қатынасы учаскелерінде кеме қатынасының қарқындылығын талдауды уәкілетті орган уәкілетті органның кәсіпорнымен бірлесіп бес жылда бір рет жүргізеді.

63. Кеме қатынасының қарқындылығын талдау жоспарланған тасымалдау маршруттары және кеме қатынасы ұйымдары ұсынатын жүктер мен жолаушыларды тасымалдау маршруттары туралы деректер негізінде жүргізіледі.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.