«Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 11 шiлдедегi № 525 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 16-Ө бұйрығы

 «Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 11 шiлдедегi № 525 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 16-Ө бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Экология кодексі 290-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 11 шiлдедегi № 525 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28798 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген көміртегі квотасының ұлттық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климат саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.