«Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 331 бұйрығы

 «Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 331 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы №239 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердің мемлекеттiк тізілімінде № 17131 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 121-бабының 11-тармағына және 184-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда:

19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«19. Іздестіру, барлау және бағалау ұңғымаларын бұрғылау кезінде жобалау құжатқа сәйкес мақсатты деңгейжиектерде міндетті түрде керн іріктеледі. Жете зерттеу (жете барлау өндіру кезеңінде) жөніндегі іс-шаралар шеңберінде бағалау ұңғымаларындағы және пайдалану ұңғымалардағы кернді іріктеу қажеттілігін жер қойнауын пайдаланушы айқындайды және жобалау құжатында белгіленеді.»;

26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«26. Бағалау жұмыстары барлау жұмыстарының жобасында белгіленген, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжалды жиектері шегінде жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жүргізіледі.»;

35-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«35. Барлау кезеңінде орындалған геологиялық-барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша қорларды есептеу бойынша есеп жасалады және жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізіледі.»;

40-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«40. Барлау жұмыстарының жобасында мыналар негізделеді:

1) қолда бар тарихи деректердің көлемі және мәні, барлау жұмыстарын жүргізу үшін барлау учаскесінің зерттелу дәрежесі;

2) барлау жұмыстарының міндеттері;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.