«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 8 шілдедегі № 325-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32813 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесінде:
реттік нөмірлері 26 және 27-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 26. | 26. | Құрылтайы депутаттарын сайлауға қатысатын саяси партиялар туралы мәліметтер (есепті кезең; саяси партияның атауы) | 5 жылда бір рет | сайлау кезеңінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО | ОСК |
| 27. | 27. | Құрылтайы депутаттарын депутаттығына партиялық тізімдер бойынша тіркелген кандидаттар (есепті кезең; кандидаттың тегі және аты-жөні; саяси партияның атауы) | 5 жылда бір рет | сайлау кезеңінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО | ОСК |
»;
реттік нөмірі 28-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 29, 30 және 31-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 29. | 29. | Өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау қорытындылары (есепті кезең; тегі және аты-жөні; саяси партияның атауы) | 5 жылда бір рет | сайлаудан кейін он жұмыс күні ішінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО | ОСК |