«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 12 қазандағы № 568 бұйрығы (2021.14.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 12 қазандағы № 568 бұйрығы

(2021.14.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021.14.04. № 164 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021.14.04. № 164 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж. Тойбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына жолдауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.