«Биомедициналық зерттеулердің басым бағыттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № 690 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 940 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес және «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 910 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Биомедициналық зерттеулердің басым бағыттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № 690 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бұйрыққа қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.