«Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 652 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 538 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 652 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12848 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына (бұдан әрі - өңірлік палата) қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында келіп түскен атқарушылық құжаттар;»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, тоқтатылған не лицензиясынан айырылған немесе Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (бұдан әрі - Республикалық палата) мүшелігінен шығарылған, ұзақ уақыт (бір айдан астам) болмаған, басқа атқару округіне ауыстырылған, аумағы бойынша келіп түскен жеке сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер жатады.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Атқарушылық құжаттарды өңірлік палата атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АІЖ ААЖ) арқылы жеке сот орындаушылары арасында автоматты түрде біркелкі бөледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: