Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 769 Қаулысы
(2022.19.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 133-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.