Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 589 бұйрығы
2025-2026 оқу жылына арналған магистратурада білім алу үшін білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 6-РКК хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024 - 2025, 2025 - 2026, 2026 - 2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 118 бұйрығында:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі: Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
| Білім беру саласының коды және сыныптамасы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | Оқу жылы/ жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) / 1 студентті оқытуға жұмсалатын 1 (бір) кредиттің шығыстары (теңге) | |
|
|
| ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 6B01 Педагогикалық ғылымдар | 13 965 | 1 139,2/18 986 | 1 008,1/16 801 |
| 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 2 042 | 1 209,3/20 155 | 1 055,9/17 598 |
| 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат | 1 546 | 905,8/15 096 | 803,9/13 398 |
| 6B04 Бизнес, басқару және құқық | 1 787 | 905,8/15 096 | 803,9/13 398 |
| 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика | 8 108 | 933,6/15 560 | 831,8/13 863 |
| 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 11 063 | 1 111,4/18 523 | 1 009,6/16 826 |