Сәйкестік сертификаты бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 203-НҚ бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығымен 2021 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өнімді міндетті түрде сертификаттау кезіндегі сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өнімді ерікті сертификаттау кезіндегі сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өнімді міндетті түрде сертификаттау кезіндегі IAF MLA біріктірілген белгісімен (Халықаралық аккредиттеу форумын тану туралы көпжақты келісімнің халықаралық аккредиттеу форумы) сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өнімді ерікті сертификаттау кезіндегі IAF MLA біріктірілген белгісімен (Халықаралық аккредиттеу форумын тану туралы көпжақты келісімнің халықаралық аккредиттеу форумы) сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес IAF MLA біріктірілген белгісімен (Халықаралық аккредиттеу форумын тану туралы көпжақты келісімнің халықаралық аккредиттеу форумы) менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес ағылшын тілінде менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес IAF MLA біріктірілген белгісімен (Халықаралық аккредиттеу форумын тану туралы көпжақты келісімнің халықаралық аккредиттеу форумы) ағылшын тілінде менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты бланкісі нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметке арналған сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;