Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 29 бұйрығы
(2021.16.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.16.09. № 471 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бекітілсін:
1) жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы 37 426 813 000 теңге көлемінде;
2) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын және төмендегілерді іске асыратын жекеменшік орта білім беру ұйымдарындағы оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшері:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратындар үшін жылына тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1 200 еселенген мөлшерінде;