«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 226 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:
66-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66-1. Ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) тыңайтқышты аванстық субсидиялау тетігін қолдана отырып, тыңайтқыш өндірушіден арзандатылған құны бойынша жоспарлап сатып алған жағдайда, тыңайтқыш өндірушінің екінші деңгейлі банктегі субсидиялар көлемі аударылатын арнайы шотына (бұдан әрі - арнайы шот) тыңайтқыш өндірушіге субсидияларды аванстық төлеммен аудару жүзеге асырылады. Бұл ретте, тыңайтқыштарды өндіруші осы Қағидалардың 66-тармағының 4) тармақшасында көзделген шарттарды орындаған сәтке дейін арнайы шоттан қаражатты үшінші тұлғалар шешіп алмауы тиіс.»;
66-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66-4. Тыңайтқыштарды өндіруші осы Қағидалардың 66-тармағының 4) тармақшасында көзделген шартты орындағаннан кейін арнайы шоттағы қаражатты пайдаланады. Бұл ретте, өтпелі өтінімді Басқарма растағаннан кейін тыңайтқыш өндірушінің Жеке кабинетіне арнайы шоттан қаражат алу үшін электрондық хабарлама жіберіледі.