«Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Диссертация өзі жазу, ішкі бірлік, ғылыми жаңашылдық, дәйектілік, практикалық құндылық пен академиялық адалдық принциптері сақтала отырып орындалады.
Өзі жазу принципі диссертацияны докторанттың өзі жазуын және диссертация авторының ғылымға, техника мен технологиялардың дамуына қосқан жеке үлесін танытады. Вариативті деректерді статистикалық іріктеу үшін жасанды интеллектіні қолдануға рұқсат етіледі.
Диссертацияны дайындау үшін жасанды интеллект технологияларын қолданған кезде оның ғылыми нәтижелерін, ережелерін, ұсынымдары мен қорытындыларын автор өз бетінше тұжырымдауы керек.
Ішкі бірлік принципі диссертацияның ішкі бірлігінің болуын, диссертацияның барлық бөлімдері мен ережелері логикалық түрде өзара байланысты болуын; ғылыми ережелер, алынған нәтижелер мен ұсынымдар диссертацияда қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуын танытады. Автор ұсынған жаңа шешімдер (қағидаттар, әдістер) дәлелденіп, бұрыннан белгілі шешімдермен салыстырылып бағаланады.
Ғылыми жаңашылдық принципі диссертацияның ғылыми нәтижелері, ережелері, ұсынымдары мен қорытындыларының жаңа болуын білдіреді және диссертация:
жиынтығы жаңа ғылыми жетістік ретінде белгіленген немесе нақты ғылыми бағыттардың дамуы үшін маңызды ғылыми негізделген жаңа теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелерді;