Мемлекеттік кірістер органына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, брокерлердің, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының, кредиттік бюролардың активтер мен міндеттемелер туралы және кірістер мен мүлік туралы салықтық есептілікті ұсыну міндеттемесі туындаған жеке тұлғаларды салықтық әкімшілендіру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 697 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 54-бабының 6, 7 және 8-тармақтарына, 56-бабының 4, 13, 15 және 19-тармақтарына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері ұсынатын жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтер нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органына брокерлер ұсынатын сауда-саттық қорытындылары бойынша жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер жөніндегі мәліметтер нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органына тауар биржалары және (немесе) тауар биржаларының клирингтік орталықтары ұсынатын тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен тұлғалардың мәмілелері туралы мәліметтер нысаны;