«Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 185 бұйрығы

«Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 185 бұйрығы

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңың 43-1-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10327 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 3 наурызында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидалары:

мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Мүгедектердің теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін теміржол вокзалдарында және теміржол станцияларында:

1) арнайы жол белгілері орнатыла отырып, мүгедектердің автокөлік құралдарын қоюға арналған орындардың бөлінуі;

2) ғимараттардың, ғимараттарға кіреберіс жолдардың (ғимаратқа кірер жолдардың, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;

3) көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған мүгедектер үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.