Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 Қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кедендік ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 115, 119-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Кеден органдары алатын кеден алымдарының, алымдар мен төлемдердің ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 669 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 277-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 669 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1293 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 48, 595-құжат).