Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 377 бұйрығы
(2020.10.04. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар еңгізілсін:
1) ҚР Энергетика министрінің 2020.10.04. № 139 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16902 болып тіркелді, 2018 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: