Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 566-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 21 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы 20 қазандағы
№ 566-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер
тізбесі
| № | Объектісі мен қолданылу саласы көрсетілген өлшемдер атауы | Метрологиялық талаптар | Ескертпе | |
| Өлшеу диапазоны | Шекті жол берілетін қателік немесе дәлдік сыныбы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| Өлшем бірлігін қамтамасыз ету және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында | ||||