Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 193 бұйрығы
(2022.26.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.26.05. № 530 бұйрығымен кiрiспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 13-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;