2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы
ҮШІНШІ ХАТТАМА
(Астана қ., 2018 жылғы 8 қарашада)
ҚР 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 319-VІ Заңымен ратификацияланды
2021 жылғы 19 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттер
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы (бұдан әрі - Ұйым) қызметінің тиімділігін арттыруға ниет білдіре отырып,
Ұйымға мүше болып табылмайтын мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтыла отырып,
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы Жарғысының (бұдан әрі - Жарғы) 27-бабына сәйкес
төмендегілер туралы уағдаласты:
1. VII тарау мынадай редакцияда жазылып, Жарғыға өзгерістер енгізілсін:
«VII тарау Байқаушылар мен Әріптестер
21-бап