2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы
ХАТТАМА
(Нұр-Сұлтан қ., 2022 жылғы 10 маусымда)
ҚР 2023 жылғы 6 ақпандағы № 192-VІІ Заңымен ратификацияланды
2023 жылғы 12 сәуірде күшіне енді
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 11-бабы бірінші абзацының мәтіні бойынша «2021» деген цифрлар «2022» деген цифрлармен ауыстырылсын.