Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының қызметкерін белгіленген үлгідегі киіммен қамтамасыз ету, оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 27 ақпандағы № 51-НҚ бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының қызметкерін белгіленген үлгідегі киіммен қамтамасыз ету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерінің белгіленген үлгідегі киімді киіп жүру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Н.Ж. Оспанова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Ж. Сүлейменова |
Оқу-ағарту министрі