«Жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 296 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 188 бұйрығы

«Жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 296 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 188 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жоғары дәрежелі спортшылармен, дене шынықтыру және спорт саласындағы жаттықтырушылармен және мамандармен жоғары дәрежелі спортшылармен спорттық қызметті жүзеге асыруға арналған шарттар бойынша төлемдердің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 296 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9677 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемдерінің критерийлері мен мөлшерін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жоғары дәрежелі спортшылармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемдерінің критерийлері мен мөлшері;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемдерінің критерийлері мен мөлшері.»;

бұйрықтың 1 және 2-қосымшалары осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.