Жеке сот орындаушыларының қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Үлгілік нысандары:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бұрын шығарылған қаулыға өзгерістер енгізу туралы қаулы;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жеке сот орындаушысы қаулысының күшін жою туралы қаулы;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізуге аудармашының қатысуы туралы қаулы;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізуге маманның қатысуы туралы қаулы;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес Ішкі істер органдарының қызметкерлерін немесе бөлімшесін атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуге тарту туралы қаулы;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы;
9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізуді жаңарту туралы қаулы;
10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;
11) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізуді қайтару туралы қаулы;
12) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес атқарушылық құжатты өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы қаулы;
13) осы бұйрықтың 13-қосымшасына сәйкес борышкердің мүлкін беру туралы қаулы;
14) осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес тыйым салынған мүлікті өткізуге беру туралы қаулы;