«Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-04/1125 бұйрығы

«Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-04/1125 бұйрығы

 

 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінің № 116 (28340) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Әкімшілік деректер жинауға арналған қоса берілген нысандар бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес пайдаланушылармен балық және басқа да су жануарларын аулау квотасын игеру туралы мәлімет;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды жүзеге асыратын жануарлар дүниесi пайдаланушыларының қорықшылық қызметтері туралы мәлімет;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес пайдаланушылардың ағымдағы жылда балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржы көлемінің орындалуы туралы мәліметі;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес пайдаланушылардың балық шаруашылық су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітудің барлық кезеңінде балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржы қаражатының көлемдері туралы мәліметі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.