«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 681 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 681 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9860 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларында:

4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын одан әрі субсидиялау үшін бюджет қаражаты болмаған жағдайды қоспағанда, субсидиялау туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтату немесе субсидиялау туралы шарттан әлеуметтік маңызы бар маршрутты алып тастау;»;

22-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) тендерге мәлімделген лоттар бойынша меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы, мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде пайдаланылатын тасымалдаушының вагондарын теміржол жолаушылар паркімен қамтамасыз ету бойынша ұсыныс:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.