«Alatau» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 990 Қаулысы

«Alatau» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 990 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Alatau» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Alatau» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Alatau» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда Алматы облысының Қонаев және Алатау қалаларының, Талғар және Іле аудандарының аумағында орналасқан.

АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

АЭА аумағы өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін, оның ішінде әуежайлардың қызметін дамытуға арналған аумақты қоса алғанда, 98982,98 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;

«Alatau» арнайы экономикалық аймағы шекараcының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Alatau» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.