(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ALATAU» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ» ҚА...

«Alatau» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 Қаулысы

(2025.14.03. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2023.26.12. № 1187 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2023.26.12. № 1187 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. 2048 жылға дейінгі кезеңге «Alatau» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - «Alatau» АЭА) құрылсын.

ҚР Үкіметінің 2023.26.12. № 1187 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қоса беріліп отырған:

1) «Alatau» АЭА туралы ереже;

2) «Alatau» АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

ҚР Үкіметінің 2023.26.12. № 1187 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 15 наурыздағы

 № 211 қаулысымен бекітілген

 

 

«Alatau» арнайы экономикалық аймағы туралы

 ереже

 

1.      Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2025.14.03. № 144 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. «Alatau» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда Алматы облысының Қонаев, Алатау қалалары мен Талғар ауданының аумағында орналасқан.

АЭА аумағы өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін, оның ішінде әуежайлардың қызметін дамытуға арналған аумақты қоса алғанда, 97930,98 мың гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2025.14.03. № 144 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. АЭА:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.