«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 215 бұйрығы

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 215 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Кейбір бұйрықтарға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Көміртегі бірліктерін сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 221 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23719 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың атауы «Көміртегі бірліктерінің саудасы қағидаларын бекіту туралы» деп өзгертілсін;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көміртегі бірліктерінің саудасы қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2) «Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 шiлдедегі № 251 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23555 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3) «Валидациялау мен верификациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26587 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Валидациялау мен верификациялауды жүргізу қағидаларында:

2-тармақта:

9-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9-1) верификатор - верификациялауды жүргізуге және верификациялау жөніндегі есепке жауапты құзыретті және бейтарап тұлға;»;

мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.