«Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 680 Қаулысы

«Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 680 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларында:

2-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) азаматтық қорғаныс объектілері - қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттері, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары, қарапайым баспаналар, азаматтық қорғаныстың мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайлары;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) көмекші басқару пункті - алдын ала құрылатын және соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында күштер мен құралдарды азаматтық қорғаныстың басқару пункттерінен басқару қиындағанда немесе мүмкін болмағанда іске қосылатын арнайы жабдықталған құрылысжай, қосалқы басқару пункті;»;

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) ең қарапайым жасырын пана - халықтың паналауына ыңғайластырылған, шұңқырлай қазылған үй-жай, жерасты кеңістігінің құрылысжайлары, жертөле немесе жерасты қабаты, автомобильдердің жерасты тұрағы, ғимаратың немесе құрылысжайдың жерге толығымен кіріп тұрған, қоршау және тірек құрылыс конструкцияларымен шектелген көлемінің паналайтын халықты қарапайым зақымдау құралдарының фугастық және жарықшақтық әрекетінің бағытталмаған не қайталама әсерінен, құрылыс конструкциялары сынықтарының зақымдауынан қорғауға арналған бөлігі;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.