«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 527 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 наурыздағы № 45 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы № 527 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5319 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.