(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2012.13.04 № 163 ...

«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығы

(2015.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, елдер бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыстар нормалары бекітілсін.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.25.02. № 56 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мына:

1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (конкурста өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысқан адамдар үшін);

2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, Phd докторы, бейіні бойынша доктор (маман даярлауға жұмыс берушінің тапсырысын ұсынған мемлекеттік қызметшілер, ғылыми, педагог қызметкерлер арасынан) дәрежесін алу үшін оқытуды ұйымдастыруға;

3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, жоғары оқу орындарының түлектері, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысқан адамдар үшін);

4) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тағылымдамадан өтуге;

5) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес, резидентурада (өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін) оқуды ұйымдастыруға арналған үлгілік шарттар бекітілсін.

6) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес, Phd докторы, бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (конкурсқа өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысқан адамдар үшін).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.