«Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 58 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 58 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.