«Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесін және Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 20-01-38.3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 21-01-38.46 бұйрығы
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2026 жылғы 11 қазандағы № 26-01-38.29 бұйрығымен 2026 ж. 21 қазаннан бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесін және Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 20-01-38.3 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларының назарына жеткізілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.М. Сүлейменовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы |
Е. Қошанов |
Қазақстан Республикасы