«Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, «Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарынының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Ақтау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 645 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 11-07/905 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 8 ақпандағы № 34 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 31890 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, «Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарынының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Ақтау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 645 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3572 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, «Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарынының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.