Қазақстан Республикасында кәсіптік патология кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-106 бұйрығы
(2026.31.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2026.13.10. № 140 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 31 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2026.13.10. № 140 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 31 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында кәсіптік патология кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Мынадай:
«Қазақстан Республикасының халқына кәсіптік патология бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 374 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7748 болып тіркелген);
«Қазақстан Республикасында кәсіптік патология бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1032 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13386 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;