«Алматы қаласында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы» VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXIX сессиясының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 211 шешiмi

Алматы қаласында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXIX сессиясының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 211 шешiмi

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы қаласы мәслихатының төрағасы

М. Отыншиев

 

Алматы қаласы Мәслихатының

2025 жылғы 28 сәуірдегі

№ 211 шешімімен бекітілген

 

 

Алматы қаласында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 1) тармақшасына, «Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28138 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің тәртібін белгілейді.

2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1) жануардың иесі - жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;

2) жауапты адам - жануар иесінің осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам;

3) иттерге арналған үйрету алаңы - иттерді үйрету үшін арнайы бөлінген, жаттығуға арналған арнаулы құралдармен жабдықталған қоршалған аумақ;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.