788-бап. Әкiмшiлiк ұстап алудың тәртiбi
789-бап. Әкiмшiлiк ұстап алу мерзiмдерi
791-бап. Жеке басты жете тексеру және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру
792-бап. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеру
794-бап. Қарап-тексеруді жүргiзудiң жалпы қағидалары
795-бап. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттары мен құжаттарын алып қою
795-бап. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын, тауарлары мен құжаттарын алып қою
799-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою
800-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу
801-бап. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу
41-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ҚОЗҒАУ
802-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшін себептер мен негiз
803-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
805-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғауы
806-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi
807-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын жағдайлар
808-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу
42-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІС БОЙЫНША ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ІС ЖҮРГІЗУ
810-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері
811-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі
812-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралатын орын
813-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу
815-бап. Лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы және оған қарсылық білдіру
817-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мерзiмдерi
818-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау тәртiбi
819-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар
821-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау нәтижелерi бойынша шешiмдердiң түрлерi
822-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы
822-1-бап. Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама және оны жіберу тәртібі
824-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарым
825-бап. Жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді түзету
829-бап. Шағымды қарау тәртібі
829-1-бап. Соттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын орны
829-8-бап. Судьяның өздiгiнен бас тартуы және оған қарсылық білдіру
829-12-бап. Сот отырысының хаттамасы
829-13-бап. Сот отырысын дыбыс-, бейнежазба құралдарымен тіркеп алу
829-17-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша сот шығарған ұйғарым
829-18-бап. Соттың жаңылыс, қатемен жазуларды және арифметикалық қателерді түзетуі
45-тарау. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ҚАУЛЫЛАРЫН АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ТӘРТІППЕН ҚАЙТА ҚАРАУ
830-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру құқығы
831-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi
832-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзiмi
833-бап. Шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұны
835-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзiмдерi
836-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын судьяның жеке-дара қарауы
837-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарауға дайындау
838-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау
839-бап. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша шешiм
840-бап. Сот қаулысының күшін жою немесе оны өзгерту негіздері
842-бап. Әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау
843-бап. Осы Кодекстiң процестік нормаларын елеулі түрде бұзу
845-бап. Іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту
846-бап. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулыны жария ету
46-тарау. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ ҚАУЛЫЛАРЫН КАССАЦИЯЛЫҚ ТӘРТІППЕН ҚАЙТА ҚАРАУ
850-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұру
852-бап. Қайта қарау негіздері
855-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны
856-бап. Арызды соттың, органның (лауазымды адамның)іс жүргізуіне қабылдау
858-бап. Арыз беру үшін мерзімді есептеу
860-бап. Соттың, уәкілетті органның (лауазымды адамның) істі қайта қарау туралы қаулысы
861-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның кiнәсiздiгiн тану арқылы ақтау
864-бап. Зиянды өтеттіру құқығын тану
866-бап. Моральдық зиян салдарларын жою
867-бап. Талаптар қою мерзiмдерi
868-бап. Заңды тұлғаларға зиянды өтеу
869-бап. Құқықтарды талап қою тәртiбімен қалпына келтiру
873-бап. Судьяға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу шарттары мен тәртібі
876-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан дипломатиялық иммунитеті бар адамдар
878-бап. Айғақтар беруден дипломатиялық иммунитет
879-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық иммунитеті
880-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің жалпы шарттары
5-БӨЛIМ. ӘКІМШІЛІК ЖАЗАЛАР ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫЛАРДЫ ОРЫНДАУ
889-бап. Әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату
891-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау бойынша іс жүргізуді аяқтау
892-бап. Ескерту жасау түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау
893-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы өз еркімен орындау
52-тарау. ӘКІМШІЛІК ЖАЗАЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ
892-бап. Ескерту жасау туралы қаулыны орындау
893-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындау
895-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
897-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі
898-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны орындау бойынша iс жүргiзудi аяқтау
900-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындайтын органдар
901-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi
902-бап. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi
904-бап. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi
905-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау
906-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындайтын органдар
907-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау тәртiбi
908-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмдерiн есептеу
909-бап. Қызметтi тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы қаулыны орындау
910-бап. Қызметтi тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы қаулыны орындау тәртiбi
911-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау
912-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау бойынша шығыстар
913-бап. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыны орындау
914-бап. Әкiмшiлiк қамаққа алу жазасын өтеуден жалтару салдары
915-бап. Мүлiктiк залалды өтеу бөлiгiнде қаулыны орындау
918-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы қаулыны орындау
919-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі
919-1-бап. Осы Кодекстің бабының қолданысын тоқтата тұру
920-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша:
«салық органына», «салық органдарына», «салық органдарының», «салық органында», «салық органының», «салық органы», «салық органдарындағы», «салық органын», «салық органдарын», «салық қызметі органдары», «салық қызметі органдарының», «салық қызметі органының», «салық қызметі органы», «салық қызметі органдарына», «салық қызметінің органдары», «салық қызметінің органы» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік кіріс органына», «мемлекеттік кіріс органдарына», «мемлекеттік кіріс органдарының», «мемлекеттік кіріс органында», «мемлекеттік кіріс органының», «мемлекеттік кіріс органы», «мемлекеттік кіріс органдарындағы», «мемлекеттік кіріс органын», «мемлекеттік кіріс органдарын», «мемлекеттік кіріс органдары», «мемлекеттік кіріс органдарының», «мемлекеттік кіріс органының», «мемлекеттік кіріс органы», «мемлекеттік кіріс органдарына», «мемлекеттік кіріс органдары», «мемлекеттік кіріс органы» деген сөздермен ауыстырылды,
«кеден органынан», «кеден органының», «кеден органын», «кеден органына», «кеден органы», «кеден органдары», «кеден органдарының» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік кіріс органынан», «мемлекеттік кіріс органының», «мемлекеттік кіріс органын», «мемлекеттік кіріс органына», «мемлекеттік кіріс органы», «мемлекеттік кіріс органдары», «мемлекеттік кіріс органдарының» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
1-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМА
1-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы осы Кодекстен тұрады.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды
2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2-1. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады.
Бұл ереже әкімшілік жауаптылықты алып тастау жағдайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларына қолданылмайды.
3. Әкімшілік-деликтік құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың құрамдас бөлігі болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң шығаруды талап ету туындайтын жағдайлардан басқа кезде, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi
Осы Кодекстiң Ерекше бөлiгінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi бар іс-әрекет жасау әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңнамасының кеңiстiк тұрғысынан қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы Кодекс бойынша жауаптылыққа жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан не аяқталған іс-әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық судағы немесе әуе кеңiстiгiндегі кемеде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады. Қазақстан Республикасының әскери кемесiнде немесе әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға да оның тұрған жерiне қарамастан, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.