«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 Қаулысы (күші жойылды)

«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 958-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

25, 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«25. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұнын 2-4-сыныптарда дүниетану оқу курсының шеңберінде: жылдық оқу жүктемесі 2-3-сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдері іске асырады; 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының шеңберінде 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімі іске асырады; 10-11-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары іске асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқу уақытында жүргізіледі.

26. «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 2-4-сыныптарда мынадай оқу курстарының шеңберінде іске асырылады: «Ана тілі», «Музыка», «Бейнелеу өнері», «Технология»; 5-8-сыныптарда сабақтан тыс уақытта, сынып сағаттары мен факультативтер есебінен іске асырылады.»;

35, 36, 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Оқу жылының ұзақтығы 2-11-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.