«Технологиялық жабдықтарды пайдалану және жөндеу» кәсіптік стандарты (Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 479 бұйрығына 5-қосымша) (2025.01.11. берілген өзгерістермен)

ҚР Энергетика министрінің 2025.15.10. № 387-н/қ бұйрығымен кәсіптік стандарты жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

2024 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 479 бұйрығына 5-қосымша

 

 

 «Технологиялық жабдықтарды пайдалану және жөндеу»

кәсіптік стандарты

(2025.01.11. берілген өзгерістермен)


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы:

«Технологиялық жабдықтарды пайдалану және жөндеу» кәсіптік стандарты жабдықтың қауіпсіз және тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін әртүрлі салаларда қолданылады. Экономикалық қызметке құрал-жабдықтарды инвестициялау, оны пайдалану, тұрақты техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жатады.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) білім - кәсіби міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерттелген және игерілген ақпарат;

2) дағды - кәсіби тапсырманы толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен дағдыларды қолдану мүмкіндігі;

3) жөндеу - магистральдық құбырдың желілік бөлігінің және (немесе) оның объектілерінің толық немесе ішінара пайдалану ресурсының жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар (операциялар) кешені;

4) магистральдық құбыр - өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістіктехнологиялық кешен;

5) машық - кәсіби міндет шеңберінде жеке бірлік іс-әрекеттерді физикалық және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.