«Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 555 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 555 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:

4-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

9) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - МҚҚК ААЖ) - картографиялық және атрибутивтік кеңістіктік-үйлестірілген деректерді (геокеңістіктік деректерді) жинауды, сақтауды, өңдеуді, қол жеткізуді, көрсетуді және таратуды қамтамасыз ететін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мамандандырылған ақпараттық жүйесі;»;

4-тармақтың 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12-1) объектінің бірегей нөмірі (бұдан әрі - ОБН) - объектіні мониторингілеу мақсатында құрылыс жобаларын әзірлеуге, реконструкциялауға (қайта жоспарлауға және қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алудан бастап пайдалануға қабылдауға дейін құрылыс объектісі туралы ақпаратты (мәліметтерді) жинау үшін МҚҚК ААЖ-да қалыптастырылатын он сегіз таңбалы сәйкестендіру нөмірі;»

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.