«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 510 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 734 бұйрығы

«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 510 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 734 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014жылғы 14 тамыздағы № 510 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9733 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдай режимін енгізу қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - ҚАК) 16-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде (бұдан әрі - мекеме) ерекше жағдайлар режимін енгізу тәртібін айқындайды.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. ҚАК-тың 101-бабына сәйкес мекемелерде ерекше жағдайлар режимін енгізу үшін негіздер:

1) табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындауы;

2) мекеме орналасқан ауданға төтенше, ерекше немесе соғыс жағдай енгізілуі;

3) жаппай тәртіпсіздіктер;

4) сотталғандардың топтасып бағынбаушылығы;

5) күзетпен ұстау орындарына қарулы шабуыл жасаудың нақты қаупінің болуы.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.