Өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1033 Қаулысы
(2019.10.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикаының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2019.10.07. № 497 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсiптік қауіпсіздік комитетi тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын лицензиар;